ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ

images (18)images (18)images (18)

Ақ ниетті адамзат гитлерлік фашизм  талқандалған Ұлы Жеңіс күнін биыл 70-шы рет атап өткелі отыр. Бұл жеңіс көп  қиындықпен, зор құрбандықпен келгені әлемге аян. Кеңес халқы  гитлерлік фашизмге қарсы қанды шайқаста 27 миллион азаматынан айырылды.1418 күн мен түнге ұласқан қияпат қырғынның әр күні ғана емес, әр сағаты, әр минуты мен секунды ажал оғын төгіп тұрды. Әрбір  алты секундта бір адам, әр минут сайын он адам, әр сағатта, 588 адам, әр тәулікте 14-104 адам аранын ашқан ажалға тап болып, қыршынынан қиылып жатты. Ел қорғауға аттанған азаматтардың дені 18-30 жастың арасындағы арыстар еді. Ұлынан айрылған ата мен ана қасіреті, жарынан жесір қалған апалар мен жеңгелердің уыз махаббаты мен ыстық көз жасы, әкеден жаутаңдап жетім қалған ұл мен қыз қайғысы, асқар таудай ағаға арқа тірей алмай, жерге қараған қарындас пен іні мұңы, осының бәрі әлі күнге дейін  көкіректі удай ашытып, жүрек сыздатар, жанарға жас үйіріп, бой мұздатар сұмдықтар.

Иә, ол бір біздің еліміз үшін қасіреті де, мол халықтық қасиетімізге қатал сында болған кезең еді. Адамзат тарихындағы ең ауыр, ең қырғын қияпат осынау соғыста өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, ізгілік пен жауыздық адамгершілік пен апаткершілік шешуші айқас алаңына шықты. Біздің халқымыз барлық ауыртпалықты арқалай отырып, қанқұйлы фашизмді тас-талқан етіп күйретті.оның ордасын ойран етіп, шаңырағын опырып түсті. Бүгінде бәрі айтуға оңай болғанымен ол кезде тіпті де, қиын еді. Біздің еліміз соғыс күші кем дегенде екі есе басым, жарты Еуропаны жаулау үстінде әскери-соғыс әдісі әбден жетіле түскен, жеңімпаздық желігі бойын  кернеген, халық тілімен айтқанда, азу тісті балғадай жаумен айқасты. Соғыс салған салмақ аз болған жоқ. Соғыс жылдарындағы құлдырау мен күйзеліске  қарамай, тыл еңбеккерлері де жеңіске лайықты үлес қосты.

Бұл жеңіс — бүкіл соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен рухының жемісі «Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен қан кешіп», Отан үшін отқа түскен өршілдік пен елшілдіктің өшпес айғағы. Аталарымыз бен аналарымыздың тылдағы маңдай терінің арқасы. Міне, содан бері талай ұрпақ жаңғырып, заман жаңарды. Әйтсе де соғыс табы  әлі де толық жойыла қойған жоқ. Әр жыл сайын, бау-бақшаларда құстары сайрап, қырларында жұпар исі аңқыған гүлдері жайнаған мамыражай мамырдың тоғызыншы  жұлдызында Жер-Ана бір күрсініп, Отан үшін мерт болған боздақтарын еске алады. Батырлар рухына арнап тағзым етеді, Ұлы Отан соғысында қаза болған боздақтарға арнап гүл шоқтарын қояды.

Жеңіс мерекесі – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі.
Жеңіс мерекесі – фашизмді талқандаған бүкіл Кеңес халқының мерекесі.
Жеңіс мерекесі – әрбір төртінші азаматын соғысқа аттандырған бүкіл қазақстандықтардың мерекесі.

Жеңіс мерекесі – жеңімпаз әкелер мен аға буынның және олардың ісін алға апаратын өскелең ұрпақтың мерекесі.

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып, майдан даласында қалған арыстарымызды еске алатын күн.

Қазақ  Қазақ болғалы қаншама сұрапылды, зар заман зұлматты көрді. Осынау сайын даланы қорғап қалған бабаларымыз да, сол даланың сай төбелеріндегі сан мыңдаған мазарлар да жанкешті      шайқастардың, жарқын жеңістердің куәсі. Дана халқымыздың даңқты шежіресі, еліміздің тағылымды тарихы. Бұл мереке- туған елінің тәуелсіздігі мен бейбіт өмірі жолында от кешкендердің ерлігінің, Отанға деген  шексіз махаббатының, өшпес рухының жарқын белгісі іспетті.
Бұл — Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсеткен жауынгерлерін, тынымсыз да қажырлы еңбек пен төзімділіктің үлгісін паш еткен тыл еңбеккерлерін, ұлықтайтын күн. Сондықтан, бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.          Сол бір қасиетті күн 1945 жылдың 9 мамырынан уақыт бізді алыстатса да, Жеңіс мерекесі қастерлі. Ағалар ерлігі мәңгілік. Осынау Ұлы Жеңістің 70  жылдық мерекесінде өткенді зерделеу, майдангерлер рухына тағзым ету – біздің перзенттік парызымыз. Өйткені, біздер Елбасымыз Н.Назарбаев атап көрсеткендей «Жеңімпаз ұрпақтың жалғасымыз». Шартарапты шарпыған Ұлы Отан соғысы, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматымыздың жүрегіне қаралы ізін қалдырғаны белгілі. Соғыс жылдары Отан үшін от кешіп, ерлікпен шайқасқан сұрапыл жылдар бүгінгі егеменді еліміздің шежірелі тарихында үлкен орын алып отыр.

Адамзат тарихында екінші дүниежүзілік соғыс деген атпен қалған 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 9 мамырда 70  жыл толады. Бүгінгі тәуелсіз бейбіт еліміздің ұрпақтары үшін де бабаларымыздың ерліктермен астасқан ұмытылмас есімдері мәңгілік санамызда жаңғырып қала беретіні әлдеқашан мойындалған ақиқат. Батырлықтың үлгісін, қаһармандықтың қайталанбас ерліктерін көрсеткен Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды тұлғаларымыз мәңгілік мақтаныштарымыз болып ұрпақ жадында жаңғыра беретіні даусыз.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s